баннер
14 Apr 2025
19:34

    Өзбекстан мен ЕО басшылары кездесу өткізді

    3 сәуірде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Самарқан саммиті аясында елімізде сапармен жүрген Еуропа кеңесінің Президенті Антониу Кошта және Еуропа комиссиясының Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесу өткізді.

    Кездесуде Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты, ең алдымен сауда-экономика және инвестиция салаларында одан әрі дамыту, нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.

    Әртүрлі деңгейдегі белсенді диалог пен жемісті алмасулар, іс жүзіндегі әріптестікті жолға қоюда институционал механизмдердің тиімді жұмыс істеп жатқаны айтылды. Қазіргі таңда Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді дайындау аяқталуда.

    Өзбекстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы тауар айналымы жылдан жылға артып келеді. Еуропаның жетекші компаниялары қатысқан инвестициялық жобалар портфелі 30 миллиард еуродан асты. Еліміз Еуропа қайта құру және даму банкінің ірі бенефициарларының бірі саналады, ал Ташкент қаласында Еуропа инвестициялық банкінің аймақтық өкілдігі ашылуда.

    ЕО-ның жоғары лауазымды өкілдері Жаңа Өзбекстанды құру жолында жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар бағдарламасын, сондай-ақ Орталық Азияда тату көршілік, сенім және серіктестікті нығайту бағытындағы саясатты жоғары бағалап, толық қолдайтындарын білдірді.

    Келіссөздер барысында инновациялар, «жасыл» энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, транспорт, логистика, цифрландыру және өзге де салаларда бірлескен бағдарламалар мен кооперациялық жобаларды дамытуға баса назар аударылды.

    Туризм, мәдениет, ғылым, білім және денсаулық сақтау салаларындағы белсенді алмасуларды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Алдағы өтетін «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» жоғары деңгейдегі алғашқы саммитінің күн тәртібіндегі мәселелер, сондай-ақ Еуропаның «Global Gateway» стратегиясы аясында екі аймақ арасындағы өзара байланыстарды күшейту мүмкіндіктері талқыланды.

    Кездесуде халықаралық және өңірлік саясаттың өзекті қырлары, соның ішінде Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдем көрсету мәселелері жөнінде де пікір алмасылды.

    Мы в Телеграм
    Text to speech