Өзбекстан мен Франция арасында кооперация тұрақты дамып келеді

    Бизнес 14 Yanvar 2022 1138

    Ташкентте Францияның “Schiever” компаниясына тиесілі “bi1” бөлшек сауда дүкендері ашылды.

    Франциялық әріптестер елімізде жүргізіліп жатқан оң реформаларға үлкен қызығушылық танытуда. Бүгінде Өзбекстанда Францияның көптеген ірі компаниялары жұмыс істейді. Олардың арасында «Airbus», «Total Eren», «Orano», «Suez», «Veolia», «Renault», «Carrefour» және тағы басқалар бар.

    Күні кеше Ташкент қаласында франциялық «Schiever» компаниясы құрамындағы бөлшек саудаға мамандандырылған «bi1» дүкендерінің ашылу салтанаты өтті. Оған Өзбекстанның Франциядағы елшісі Сардор Рустамбоев, Францияның Ташкенттегі елшісі Орелия Бушез және «Schiever» компаниясының президенті Винсент Пик, сондай-ақ Ташкент қаласы мен Шыланзар ауданы әкімшілігінің өкілдері қатысты.

    Өзбекстанның Франциядағы елшісі бұл жобаның мемлекетіміз басшысының шетелде жасайтын жерлестеріміздің қамқорлығынан рухтанып, Францияда жасайтын отандасымыздың іс-әрекеттері нәтижесінде жүзеге асырылғанын айтты.

    Айта кету керек, , «bi1» бөлшек сауда дүкендері Еуропа сапасының сатандарттары негізінде жұмыс жүргізеді. Осы тармақ жергілікті өнім өндірушілерге өнім сапасын халықаралық стандарттар негізіне жеткізу, сондай-ақ жергілікті брендтерді дамыту мүмкіндігін де береді. Ең бастысы, «bi1» дүкендері қолжетімді бағамен жергілікті халыққа қолайлылық жасаумен қатар, жұмыспен қамту көздерінің бірі болмақ, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates