Әңгімелесу басында Германия Президенті Мемлекет басшысы мен Өзбекстан халқын ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтады. Соңғы жылдары Өзбекстанда демократиялық жаңару мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы жетістіктер ерекше атап өтілді.
Арадағы жоғары деңгейдегі диалогтың жалғасы ретінде тараптар екіжақты ынтымақтастық туралы пікір алмасты. Көпжақты қарым-қатынастың қазіргі деңгейіне жоғары баға беріліп, болашақ өзбек-неміс ынтымақтастығының негізгі бағыттары айқындалды.
Өзара сауда мен инвестиция көлемін ұлғайтуға, бизнестің бастамаларын қолдауға, Германияның жетекші Siemens, Bosch, Man, Claas, Knauf және басқа да жетекші компанияларының қатысуымен жоғары технологиялық өндірістердегі кооперация жобаларына және инфрақұрылымды жаңарту бағдарламаларына ерекше назар аударылды.
Президенттер ел аумағындағы мектептер мен жоғары оқу орындарында неміс тілін тереңдетіп оқыту мәселелеріне тоқталды. Белсенді гуманитарлық алмасуды жалғастыруға келісті.
Мемлекет басшысы Федералды Президентке елде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күресте көрсетілген техникалық - консультациялық көмек үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар олар Ауғанстандағы жағдайға қатысты пікір алмасты. Франк-Вальтер Штайнмайер Өзбекстан арқылы азаматтадны эвакуациялауда көрсетілген үлкен көмек үшін тағы да алғысын білдірді. Бірлескен гуманитарлық операцияларды жүргізу үшін тығыз байланысты сақтау маңызды екені баса айтылды.