Атап айтқанда, Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрліктерімен өткізілген жұмысшы топтың кездесуінде Өзбекстан республикасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың болашағы, сондай-ақ электронды коммерцияны дамыту  мәселелері талқыланды. Соңғы бес жылда тауар айырбастау екі есеге артып, 2021 жылы 1,8 миллиард долларға, 2022 жылы январ-август айларында 1,6 миллиард долларға жетті. Екі ел арасында Еркін сауда туралы келісімге қол қою жұмысын жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Инвестициялық ынтымақтастық дәйекті түрде кеңейтіліп жатқаны атап өтілді. Қазір Өзбекстанда Корея компаниялармен бірге жалпы құны 14 миллиард доллардан асатын 100-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Тараптар өзекті проблемаларды шешу және біріккен жобаларды жүзеге асыруды жеделдету мақсатында тараптар ай сайынғы  өткізілетін Өзбекстан-Корея виртуалды коммерциялық диалогына  негізделген жаңа ынтымақтастық өзара механизмін енгізуге келісті

Кореяның KTNet компаниялары мен Корея технологияларын дамыту институтының басшылығымен өткізілген келіссөздерде  «Өзбекстанда Ұлттық электрондық сауда алаңын құру жобасының 4-кезеңі» аясында TradeUZ.com электронды сауда алаңын дамыту болашағы талқыланды. Айта кетейік, TradeUZ.com Ұлттық электронды коммерциялық платформасында қазіргі уақытта  3 000-ға жуық өзбекстандық экспортшы, 10 000-ға жуық шетелдік сатып алушы және 5000-нан астам аталымдағы тауарлар туралы ақпарат бар.

Осы сайт арқылы көрсетілген интербелсенді қызметтер, сондай-ақ транспорт-логистикалық қызмет көрсету, көп  тұтынушы мен жеткізіп берушілерді тарту, ақпарат мазмұнын мен санын арттыру бойынша біріккен іс-әрекеттер жүзеге асыру бойынша келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ Корея Эксимбанкі және Корея Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (KOICA) жұмысшы кездесулер өткізіліп, онда барларын іске асыру мәселелері, сондай-ақ осы қаржы институттарының Өзбекстандағы инвестициялық қатысуын кеңейту болашақтары талқыланды. Тараптар білім беру, өзбекстандық мамандардың  біліктілігін арттыру және кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бағыттарында жалпы құны  50,6 миллион долларды құрайтын 8 жобаны, сондай-ақ 2022-2024 жылдарға арналған Қаржылық-техникалық ынтымақтастық бағдарламасы аясындағы жобаларды дер кезінде жүзеге асыру бойынша қажетті шаралар қарастыруға дайын екенін бекітті.

Кездесулер соңында талқыланған жобалар мен бастамаларды толық жүзеге асыру мақсатында кореялық серіктестермен ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты іс жүзіндік шаралар бағдарламасы қалыптастырылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.