Шараға Латвия және Өзбекстан іскер топтарының 100-ден астам өкілдері қатысты. Өзбекстан тарапынан сондай-ақ бірқатар министрліктердің, кеңселердің, салалық білестіктер мен коммерциялық банктердің басшылары қатысты.

Форумның ашылу салтанатында делегация басшылары – Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков пен Латвия Республикасының Сыртқы істер министрі Е.Ринкевич сөз сөйледі.

Екі ел делегацияларының басшылары латвиялық және өзбекстандық кәсіпкерлер мен инвесторлардың практикалық ынтымақтастығы үшін барынша қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ болашағы зор бағытта өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру мақсатында екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға бейілділіктерін атап өтті.

Өзбекстан жеке сектордың ел экономикасындағы рөлін арттыруға, осыған байланысты инвестициялық ахуал мен бизнес ортаны жақсартуға, бизнеске салық жүктемесін азайтуға, жеке меншік пен шетелдік капиталды құқықтық қорғау механизмдерін күшейтуге, сондай-ақ олардың қарқынды және теңгерімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында еліміздің әр аумағының аудандары мен қалаларында жаңа пайдаланылмаған экономикалық резервтерді анықтау бойынша ісжүзіндік шаралар белсенді әзірленіп, жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

Екі елдің кәсіпкерлері арасында іскерлік ынтымақтастық орнатудың басымдықтары аталды. Олардың қатарында тоқымашылық және электр өнеркәсібі, фармацевтика, биомедицина, IT және басқа да салалар бар.

Тиісті министрліктер мен салалық бірлестіктердің басшылары өз баяндамаларында әрбір саланың инвестициялық, өнеркәсіптік және сауда әлеуетін толықтай ашып беріп, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту мен қолдаудың қолданыстағы тетіктерін және шетелдік капиталдың қатысуымен жобаларды жүзеге асыру ды қолдау мен ынталандырудың мар механизмдері туралы айтып өтті.

Сондай-ақ форумға қатысушыларына латвиялық инвесторлар мен кәсіпкерлермен бірге алдағы уақытта одан әрі жүзеге асыру үшін әзірленген болашағы зор жобалық ұсыныстар ұсынылды.

Шара соңында екі елдің делегация басшылары іскер топтарды белсенді бірлесіп жұмыс істеуге және екіжақты экономикалық әріптестіктің жаңа «өсу нүктелері» бойынша сындарлы диалог орнатуға шақырды.

Форум қорытындысы бойынша IT-Park (Өзбекстан) мен латвиялық  «ShipleArt»  компаниясы арасында Өзбекстан-Латвия Іскерлік кеңесінің екінші отырысының Хаттамасына және Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен инновацияларды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.