Шавкат Мирзиёев пен Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесті

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 24 шілде күні Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

    Әзербайжан басшысы Мемлекет басшысын туған күнімен шынайы құттықтап, оған зор денсаулық және жауапты мемлекеттік қызметте жаңа табыстар тіледі.

    Өзбекстан-Әзербайжан достығы мен стратегиялық әріптестік қарым-қатынасын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Екінші Өңірлік форум, Үкіметаралық комиссияның отырысы және бірқатар бірлескен мәдени іс-шаралардың табысты нәтижелері атап өтілді.

    Алдағы жоғары деңгейдегі кездесулердің экономикалық күн тәртібін мұқият дайындаудың маңыздылығы айтылды.

    Өзбекстан мен Әзірбайжан Президенттері аймақтық ынтымақтастықтың маңызды аспектілерін де талқылады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates