Мемлекет басшысы Әзербайжан басшысына қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді.

- Сайлаудан кейінгі алғашқы сапарымды Әзірбайжанға жасауымның символдық мәні бар. Бұл екіжақты қарым-қатынастарымыздың жоғары деңгейге көтерілгенін, жақындасуға өзара ұмтылыс барын, әріптестік үшін кең мүмкіндіктер бар екенін көрсетеді, – деді Өзбекстан Президенті.

Өзбекстан Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын әрдайым қолдап келгені және алдағы уақытта да қолдайтыны атап өтілді. Осы орайда Мемлекет басшысы Қарабақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнығуы ерекше маңызға ие екенін айтып, мұнда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстардың ауқымы мен жылдамдығын жоғары бағалады.

Бүгінгі келіссөздердің нәтижелері үлкен қанағаттанушылықпен атап өтілді. Оларда көпжақты ынтымақтастықтың барлық мәселелері талқыланды.

– Өзбекстан мен Әзірбайжан арасында проблемалық мәселе жоқ. Біз бауырлас халықтарымыздың мүддесі үшін зор әлеуетті тиімді пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері мен тетіктерін іздестіру кезек күттірмейтін мәселе екенін атап өттік, – деді Мемлекет басшысы.

Өзбекстан мен Әзірбайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесін құру туралы келісімге қол қою екіжақты қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне бастама болатыны атап өтілді.

Жоғары деңгейдегі кездесулер барысында көпжақты әріптестіктің негізгі бағыттары айқындалды.

Мемлекеттер басшылары сауданы, өнеркәсіптік кооперацияны арттыруға және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлді. Автокөлік өнеркәсібі, металлургия, энергетика, ауыл шаруашылығы, электротехника, тоқыма өнеркәсібі, туризм және басқа да салалардағы ірі жобалар талқыланды.

Сондай-ақ жаңа логистикалық тізбектерді дамыту және инфрақұрылым салу, жүк тасымалдау көлемін ұлғайту бойынша жобаларды жүзеге асыруға келісілді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тағы бір драйвері ретінде екі ел аумақтарының әлеуеті барынша пайдаланылады. Жаңа ынтымақтастық жобалары мен гуманитарлық алмасуларды ілгерілету үшін әкімдер мен басқарма басшылары жер-жерлерде үнемі кездесіп тұрады.

Келіссөздер барысында мәдениет саласындағы қарым-қатынасқа ерекше назар аударылды.

Жақында Әзірбайжанда Өзбекстан мәдениетінің күндері аталып өтті. Осы шаралар аясында Бакуде өзбек классикалық әдебиетінің ірі өкілі Абдулла Қадыридің әзірбайжан тіліне аударған «Өткен күндер» романының тұсаукесері болды.

Мәдениет және кино күндері, шығармашылық және ғылым қайраткерлерінің кездесулері тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Биыл Өзбекстанда бірінші Өзбекстан – Әзербайжан жастар форумы ұйымдастырылады.

Мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТМД, ЕҚЫҰ, Қосылмау қозғалысы және басқа да көпжақты институттар аясындағы тиімді диалогты жалғастыруға келісті.

– Бүгінгі келіссөздер біздің стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға деген ынталы екенімізді тағы көрсетті. Біздің күш-жігеріміз нақты нәтижелерге бағытталған, – деді өз сөзінің соңында Өзбекстан Президенті.