Шавкат Мирзияев Имран Ханмен келіссөздер жүргізді

    Билік 16 Sentabr 2021 6512

    16 қыркүйекте Душанбеде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Имран Ханмен келіссөздер жүргізді.

    Екі ел басшыларының осы жылдың шілде айында Ташкентте өткен саммитте Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты дамыту бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелері талқыланды.

    Кездесуде киылғы жылдың басынан бері екіжақты тауар айналымы 2,5 есеге артқаны, 30-дан астам жаңа бірлескен кәсіпорын құрылғандығы айтылды. Ташкент пен Лахор арасындағы рейстер қайта жанданды.

    Тиімді іскерлік алмасуды кеңейту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастырудың маңызды екендігі айтылды. Бірінші кезекте, жеңілдетілген сауда келісімін тез арада қабылдау, транзиттік және сауда қатынастары туралы шарттың ережелерін орындау, қабылданған «жол картасына» сәйкес экономиканың әр түрлі салаларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру осылар қатарында.

    Сондай-ақ, тараптар Ауғанстандағы және аймақтағы жағдай туралы пікір алмасып, кездесу соңында аймақтық қауіпсіздік бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.