Өзбекстан мен Қырғызстан басшылары алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады

    Билік 20 Sentabr 2022 4405

    20 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров телефон арқылы сөйлесті.

    Президенттер қырғыз-тәжік шекарасында жақында болған қайғылы оқиғаларға қатысты пікір алмасты. Мемлекет басшысы қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтып, жағдайдың ушығуын тоқтату жөніндегі екіжақты келісімдерді шын жүректен құптады.

    Өзбекстан мен Қырғызстан басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында өткізілген шаралардың жемісті нәтижелерін сөз етті.

    Ынтымақтастықтың басым жобалары, соның ішінде Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылысы жобасын ілгерілету жөніндегі келісімдерді жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Сондай-ақ алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерге, оның ішінде өңірлік құрылымдар аясындағы кездесулерге дайындық барысы қаралды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates