Президент Шавкат Мирзияев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы декларацияға қол қойды. Құжатта бауырлас халықтарымыздың өмірлік және ұзақ мерзімді ұлттық мүдделері, көп қырлы әріптестік әлеуетін толық іске асыру мақсаты көрсетілген.
Салтанатты шарада қол қойылған тағы бір маңызды құжат – Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын алдағы 5 жылда 10 млрд-қа жеткізу бойынша Практикалық іс-әрекеттің жоспары. Онда екі елдің өнеркәсіптері мен аймақтарына қолайлы жағдай жасау көзделген.
Мемлекет басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды. Кеден, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, ғарышты игеру және бейбіт мақсатта пайдалану, сондай-ақ «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығын құру туралы келісімдер солар қатарында. Сондай-ақ сауда, инвестиция, энергетика, көлік-коммуникация, сот-сараптама, қорғаныс, жұмыспен қамту және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі тиісті құжаттарға қол қойылды.
Ташкент пен Түркістан облыстары, Ташкент пен Нұр-Сұлтан қалалары, Науаи мен Қашқадария облыстарының әкімдіктері ынтымақтастықты кеңейту мақсатында 2022-2023 жылдарға арналған «жол карталарын» қабылдады.
Жалпы, көп қырлы өзбек-қазақ ынтымақтастығының барлық дерлік салаларын қамтитын 22 құжатқа қол қойылды.