Мемлекет басшылары жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Хиуа қаласында кездесу өткізді.

    Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту, жан-жақты практикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

    Ынтымақтастық жобаларын жеделдету, бұрын қол жеткізілген жоғары деңгейдегі келісімдерге сәйкес инвестициялық келісімдер мен сауда келісімдерін жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

    Мемлекет басшылары машина жасау, энергетика, көлік-логистика, тау-кен өнеркәсібі, тоқыма, тамақ өнеркәсібі және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды ілгерілету жөніндегі Премьер-Министр орынбасарларының, Үкіметаралық комиссия жанындағы жұмыс топтары тең төрағаларының баяндамаларын тыңдады.

    Президенттер тауар айналымын ұлғайту, өнеркәсіптік кооперацияның ұзақ мерзімді бағдарламасын қалыптастыру, көлік пен энергетикада инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

    Биылғы жылы Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру бойынша практикалық жұмыстарды бастаудың және бірлескен сыртқы сауда компаниясының қызметін кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.

    Гуманитарлық және туристік байланыстарды дамыту, жастардың қатысуымен мәдениет, білім және спорт салаларында бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелері жан-жақты талқыланды.

    Аймақтық маңызы бар мәселелер, соның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуі аясында ынтымақтастықты кеңейту және Ауғанстандағы жағдайды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды.

    Екіжақты және көпжақты түрдегі алдағы бірлескен іс-шаралар жоспары қарастырылды.

    Кездесу әдеттегідей ашық, шынайы және достық жағдайда өтті.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates