Мемлекет басшысы бауырлас Қазақстан басшысы мен халқына ел аумағындағы ірі су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Мұндай табиғи апаттар өңірде байқалған климаттық өзгерістердің салдары екені айтылды.
Осы тұрғыда тығыз практикалық ынтымақтастықты жалғастыруға келісілді.
Президенттер жуырда Хиуа қаласында өткен кездесуде уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ өңірлік маңызы бар мәселелер мен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулердің жоспары қаралды.