Кездесуде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастарды, екі ел басшыларының жуырда Алматы қаласында өткен бейресми кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, одан әрі дамыту және нығайту мәселелері қаралды.
Екі ел үкіметтеріне өзара тауар айналымын арттыру, экономикалық жобалар мен гуманитарлық бағдарламаларды, соның ішінде өңірлік деңгейде ілгерілету үшін үйлестірілген шаралар қабылдау қажет екені айтылды.
Сондай-ақ, Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске қосу үдерісін жеделдету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Көшбасшылар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылап, алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралардың кестесін қарады.