Өзбекстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 3 мамыр күні телефон арқылы сөйлесіп, елдер арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі дамыту және нығайтуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

    Сұхбатта өткен жылдың мамыр айында Ресей Президентінің Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің орындалу нәтижелері қаралды.

    Тараптар өзара тауар айналымының қазіргі қарқынын сақтап қалу, экономика саласындағы басым бағыттарда кооперациялық жобаларды жеделдету, сондай-ақ өңірлік және бизнес деңгейіндегі белсенді байланыстарды жалғастыру мақсатында бірлескен үйлесімді шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

    Осы тұрғыда Ташкент қаласында өткен бесінші «Иннопром. Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіп көрмесі аясындағы іскерлік іс-шаралардың нәтижелері жоғары бағаланды.

    Гуманитарлық ынтымақтастық, әсіресе мәдениет, өнер, ғылым мен білім, спорт пен туризм салаларындағы қарым-қатынастың кеңейіп келе жатқаны айтылды.

    Өзбекстан мен Ресей көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кездесу жоспарларын да талқылады.


    No date selected
    June 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates