Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

    Билік 24 Iyul 2021 2092

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 24 шілдеде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

    Әңгіме басында Ресей Президенті Мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, Өзбекстан халқына бейбітшілік, гүлдену және амандық тіледі.

    Тараптар өзбек-ресей стратегиялық ынтымақтастығы мен одақтастық қатынастардың өзекті мәселелерін қарап, жоғары деңгейдегі іс-шаралар жоспарын талқылады.

    Екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастық, қарқынды дамып келе жатқандығы ең алдымен, екіжақты сауданың тұрақты өсуімен, бірлескен ынтымақтастық жобалар және экономиканың түрлі салаларында мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламаларын табысты жүзеге асырылуы қанағаттанушылықпен атап өтілді. Өзбекстанда коронавирустық вакциналар шығару бойынша бірлескен қуатты мүмкіндігінше тезірек іске қосу маңызды екендігі айтылды.

    Көшбасшылар аймақтық күн тәртібі, оның ішінде Ауғанстандағы жағдай туралы пікір алмасты.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates