Екі елдің кәсіпкерлері мен өңірлері деңгейінде практикалық ынтымақтастықты ілгерілетуде сәуір айының соңында Ташкентте өтетін «Иннопром» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ерекше назар аударылды.

Мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық жемісті болып жатқаны атап өтілді.

Өзбекстан мен Ресей басшылары алдағы екіжақты және көпжақты іс-шаралар жоспарын да қарастырды.