Соңғы жылдары тұрақты сипатқа ие болған сындарлы диалог инвестициялық, өнеркәсіптік, сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.

Екі мемлекет басшылары өткен жылдың ноябрь айында өткен бірлескен шараларда қол жеткізілген жалпы құны шамамен 7,5 миллиард доллар болатын 143 инвестициялық жоба мен 1,6 миллиард долларға тең болған 455 сауда келісімін жүзеге асыруды талқылады. Тараптар жобалар мен келісімдерді жүзеге асырудың қазіргі жағдайын талқылап, оларды алға тарту бойынша бірлесіп іс жүзіндік шараларды дайындауға келісті.

Алдын ала келісілген жобаларды жүзеге асыруды қолдап-қуаттау және металлургия,  машинажасау және химия өндірісі сияқты болашағы зор салаларда инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын жасауды көздеп, Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасында ұйымдастырылған  «Жоба офисінің» қызметі үйренілді.

Тараптар қалыптастырылған  жобаларды қарауды жеделдету, сондай-ақ олардың сапалы және дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету үшін нақты механизмдер мен мерзімдері көрсетілген жеке «Жол карталарын» жасап, бекітуге келісті.

Ресей технологияларының жоғары деңгейі және Өзбекстанда фармацевтика бағытындағы шетелдік компаниялардың қызметі үшін жасалған қолайлы жағдайларға байланысты ең маңызды болған фармацевтика саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді. Екі елдің тиісті министрліктері мен ғылыми-медициналық орталықтарын жұмылдыра отырып, бұл бағыттағы бірлескен істерді жандандыруға келісілді.

Ең алдымен, инвестициялық және сауда-экономикалық салалардағы серіктестікті кеңейту мақсатында Ресей мен Өзбекстан аймақтары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша алдағы шаралар белгіленді. Жаңа инвестициялық жобаларды және сауда келісімдерін жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында ағымдағы жылы Өзбекстанның барлық 14 облыс басшыларының Ресей Федерациясының 42 субъектісіне іскерлік миссияларын, сондай-ақ тұрақты онлайн келіссөздер ұйымдастыру жоспарланып жатқаны туралы сөз болды.

Өзара ынтымақтастықты жолға қою туралы нақты келісімдерге қол жеткізу үшін жақын арада тоқымашылық, былғары-аяқ киім, азық-түлік, электртехника және химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары салаларында өзбек компанияларымен ынтымақтастық жасауға мүдделі Ресейдің ірі импорттаушылары мен сауда тармақтарының қатысуында жақын арада арнайы миссияларын ұйымдастыру болашақтары да қаралды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.