Өзбекстан мен Ресей арасындағы II- Аймақаралық ынтымақтастық форумы өтті

    Үстіміздегі жылдың 17 ноябрінде Өзбекстан Республикасы Президентінің Ресей Федерациясына іссапары қарсаңында Мәскеу қаласында тікелей және онлайн түрінде Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ІІ- Аймақаралық ынтымақтастық форумы өтті.

    Шараға 800-ден астам қатысушы, сондай-ақ екі елдің үкімет мүшелері, облыс басшылары, министрліктер, мекемелер, сала бірлестіктері, бизнес қауымдастықтары, ірі компаниялар мен жеке сектор өкілдері қатысты.

    Форумның мақсаты Өзбекстан мен Ресей аймақтары арасында тікелей іскерлік байланыстары мен іс жүзіндік ынтымақтастықты орнатуды жолға қою және нығайту үшін бірыңғай кеңістік құру болып табылады.

    Шара бағдарламасы қамтыған жалпы мәжілісте Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев қатысушыларға бейнеүндеу жолдады. Сонымен қатар Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков пен Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі М.Решетниковтар сөз сөйлеп, екі мемлекет аймақаралық байланысты жолға қою және бірлескен аймақаралық жобалар мен бастамалар жасау бойынша үстіміздегі жылы жүзеге асырылған істер туралы ақпар берді.

    Ағымдағы жылы 50-ден астам өзара іссапарлар жүзеге асырылғаны айтылды. Атап айтқанда, соңғы айларда Өзбекстан Республикасының жалпы 14 облысының басшылары Ресей Федерациясының 42 субъектісінде болды. Ынтымақтастықтың бұл түрі кең ауқымдағы әріптестік әлеуетін зерделеудің және нақты аумақаралық жобалар мен ынтымақтастық бағдарламаларын жасаудың тиімді әдісі екенін дәлелдеді.

    Шара аясында екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму, цифрлық технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығында біріккен жобаларды жүзеге асыру, тауар айналымын арттыру, көлік байланысын кеңейту және туризмді дамыту сияқты нақты тақырыптар көтерілді.

    Екі мемлекет аймақтарының басшылары жақын және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою бойынша кезектегі жоспарларды толық ашық берді. Сондай-ақ келешегі зор салаларда өзара мүдделі жобаларды енгізу бойынша сындарлы бастамалар мен нақты ұсыныстарды ортаға салды. Екі елдің базарын бәсекеге қабілетті өніммен толтыру, сондай-ақ тауарларды үшінші мемлекетке экспорттау мақсатында бірлескен жоғары технологиялық өндіріс нысандарын құруда біргелікте іс-әрекеттерді жандандыру, кең көлемді тармақ және бағыттарда өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту маңызды екені атап өтілді.

    Шара барысында Ресей мен Өзбекстанның облыстық әкімдіктердің басшылары арасында бірқатар екіжақты кездесулер мен келіссөздер өткізіліп, нақты жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

    Форум аясында өткен кездесулер мен келіссөздер нәтижесінде жалпы құны 9 млрд долларды құрайтын 600 екіжақты келісімге, оның ішінде 7,4 миллиард долларлық 141 инвестициялық жобаға және 1,6 миллиард долларлық 455 экспорттық келісімшартқа қол қойылды. Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасында құрылған біріккен Жобалық кеңсе инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын толығымен қадағалап, қолдау көрсетеді. Сондай-ақ екі елдің облыс әкімдіктері болашағы бар салаларда 75 жаңа инвестициялық жоба бойынша жұмысты бастайтыны хабарланды.

    Шара барысында металлургия, энергетика, химия, электртехника, былғары-аяқ киім, тоқыма және фармацевтика өнеркәсібі, су шаруашылығы, мұнай-газ және банк ісі, қаржы салаларында бірқатар келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates