Сұхбат барасында Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың, әсіресе сауда-экономикалық саладағы қазіргі қарқынын қанағаттанушылықпен атап өтті. 

Президенттер Ауғанстанның солтүстік аймақтарындағы жағдайдың нашарлауына байланысты Орталық Азиядағы жағдайдың дамуына баса назар аударды. Өзбекстан мен Ресейдің құзыретті органдары мен ұйымдары арасындағы тұрақты диалог пен тығыз ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.