Өзбекстан мен Сауд Арабиясы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

    Инвестициялар 18 Oktabr 2022 1058

    Үстіміздегі жылдың 17 октябрінде Өзбекстан Республикасының инвестициялар және сыртқы сауда министрінің бірінші орынбасары Лазиз Қудратов Сауд Арабиясы Патшалығы инвестициялар министрінің орынбасары Бадр әл-Бадрмен бейнеконференцбайланыс форматында келіссөздер жүргізді.

    Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жолдары, сондай-ақ ағымдағы жылдың август айында Сауд Арабиясына жоғары деңгейдегі сапардың қорытындысы бойынша жобаларды жүзеге асыруда қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту болашақтары туралы пікір алысылды. Бүгінгі таңда Өзбекстанда Сауд Арабиясы капиталының қатысуымен 38 кәсіпорын жұмыс істейді. Соңғы 5 жылда олардың саны 5 есеге өсті.

    Осыған байланысты Өзбекстандағы 5 жобасының жалпы құны 4 миллиард доллардан асатын және жалпы қуаты 4,1 GVt -тан көп болған ACWA Power компаниясымен өзара ынтымақтастықтың қол жеткізілген нәтижелерін жоғары бағалап, тараптар осы жаңа жобаларды жеделдетуге және қайта тіктелетін энергия көздерінің әлеуетін арттыруға қаратылған жаңа инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға келісті.

    Сол сияқты, Sabic, Dr. Sulaiman Al-Habib Medical Group, Al Rajhi International, Ajlan & Bros, Al Hokair Group, Jamjoom Pharma, тағы басқа да компаниялармен химия өнеркәсібі, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және бөлшек саудадағы жобалардың ағымдағы жағдайын талдады. Олар сондай-ақ қолданыстағы келісімдерді белсенді түрде жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттерді нығайтуға өзара дайын екендіктерін білдірді.

    Кездесу қорытындылары бойынша талқыланған келісімдер мен жобалардың орындалуы күн сайын мониторингін жүргізу және атқарылуын жеделдету аясында іс-шараларды қарастыру бойынша келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates