баннер
26 Apr 2025
02:24

    Өзбекстан мен Тәжікстан Президенттері келіссөздер өткізді

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 3 сәуір күні «Орталық Азия – Еуропа Одағы» бірінші саммиті аясында Тәжікстан Республикасы Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөздер өткізді.

    Кездесу басында тараптар 31 наурызда Ходжанд қаласында өткен жоғары деңгейдегі үшжақты кездесудің тарихи нәтижелерін атап өтті.

    Шекара мәселелерінің толық реттелуі өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашқаны баса айтылды.

    Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды. Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

    Алдағы уақытта өтетін Үкіметаралық комиссия отырысында өзара тауар айналымын ұлғайту және өнеркәсіптік кооперация жобаларын жеделдету бойынша нақты шараларды қабылдау қажеттігі айтылды.

    Көшбасшылар өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер мен алда өтетін екіжақты және көпжақты іс-шараларға дайындық барысын да талқылады.

    Мы в Телеграм
    Text to speech