Шавкат Мирзияев пен Эмомали Рахмон телефон арқылы сөйлесті

    Билік 23 Iyun 2021 6620

    23 маусымда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон телефон арқылы сөйлесті.

    Мемлекет басшылары өзбек-тәжік стратегиялық серіктестігін одан әрі кеңейтудің және аймақтық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

    Осы жылдың 10-11 маусымында Тәжікстанға болған жоғары деңгейдегі сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығы айтылды. Қабылданған «жол карталарына» сәйкес сауда, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және экономиканың басқа салаларында бірлескен ынтымақтастық жобалары мен мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламаларын ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ, Мемлекет басшылары аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасып, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен тату көршілікті нығайту үшін тығыз диалог пен күш-жігерді үйлестіруді жалғастыру қажеттігін атап өтті.

    Әңгімелесу барысында, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар шеңберіндегі болашақ көпжақты іс-шаралардың кестесі қарастырылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates