Өзбекстан мен Тәжікстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

    Билік 30 Avgust 2021 3697

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 30 тамызда Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

    Тәжікстан басшысы Мемлекет басшысын және Өзбекстан халқын ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтап, бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

    Президенттер осы жылдың 10-11 маусымында Тәжікстанға жасаған жоғары деңгейдегі сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің орындалуын қарады.

    Сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық шеңберінде бірлескен ынтымақтастық жобаларын уақытында жүзеге асыру маңызды екені айтылды.

    Президенттер Ауғанстандағы әскери-саяси шиеленістің ушығуына байланысты аймақтық мәселелерге тоқталды. Өзара үйлестіруді күшейтуге және ведомствоаралық тығыз байланысты жалғастыруға келісті.

    Сонымен қатар, Мемлекет басшылары ағымдағы жылдың қыркүйек айында Душанбеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне дайындық жайлы да сөз қозғады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates