Мемлекет басшылары «Made in Uzbekistan» брендімен ұйымдастырылған павильонмен танысты. Онда Өзбекстан автомобиль өнеркәсібі, электр және ауыл шаруашылығы машиналары, дайын тамақ өнімдері, химия, тоқыма, фармацевтика және басқа да өнеркәсіп салаларының жоғары технологиялық өнімдері қойылған.
Президенттер жетекші кәсіпорындардың ынтымақтастығын кеңейту, өзара тәжірибе мен технологиялар алмасу қажеттігін атап өтті.