Сұхбат басында Мемлекет басшысы Түркіменстан Президентін туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт пен толағай табыс, ал бауырлас түркімен халқына амандық тіледі.

Өзбекстан-Түркіменстан достығы, тату көршілік пен стратегиялық әріптестік қатынастарын одан әрі дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.

Алдағы жоғары деңгейдегі кездесулердің жан-жақты күн тәртібін дайындауға ерекше назар аударылды. Өзара тауар айналымын арттыру, өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету, мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламасын кеңейту мүмкіндіктері атап өтілді.

Сондай-ақ Мемлекет басшылары өңірлік ынтымақтастық перспективалары туралы пікір алмасты. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Самарқанд саммитінің жемісті нәтижелері жоғары бағаланды.

Сұхбат соңында Өзбекстан Президенті Түркіменстан Президенті мен халқын келе жатқан ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап, бейбітшілік, тұрақтылық, даму мен өркендеу тіледі.