Өзбекстан мен Венгрия атом электр станциясын салу жобасы аясында хаттамаға қол қойды.
Бұл туралы «Узатом» агенттігі хабарлады.
Венгрия делегациясының Өзбекстанға іссапары аясында «Узатом» агенттігі, Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрлігі сондай-ақ MVM EGI Zrt. Компаниясы арасында атом электр станциясын салу жобасындағы ынтымақтастықтың бірқатар маңызды бағыттары бойынша қол жеткізілген келісімдер туралы хаттамаға қол қойылды.
«Құжатта механикалық тарту күшіне негізделген құрғақ салқындату жүйесін қолдану, жабдықтарды жеткізіп беру бойынша техникалық-коммерциялық ұсыныстарды дайындау, Өзбекстан аумағында құрғақ салқындату жүйелерін ауқымды құрастыруды ұйымдастыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру істерін бастау, сондай-ақ Венгрияның білім беру бағдарламаларын және стажировкаларын әзірлеуді көздеп отыр», - дейілген хабарда.
Хаттаманың қол қоюылуы аумақтық деңгейде атом энергетикасы саласындағы көпжақты ынтымақтастықты кеңейту жолындағы маңызды қадам болғаны атап өтілді.


