Өзбекстан мен Венгрия көп қырлы ынтымақтстықтың жаңа болашағы белгіленді

    Үстіміздегі жылдың 9 февралында инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Өзбекстанда іссапармен жүрген Венгрияның Сыртқы істер және экономикалық байланыстар министрі Петер Сияртомен кездесті.

    Сұхбат кезінде соңғы жылдардағы көп қырлы Өзбекстан-Венгрия қарым-қатынастары дамуының оң динамикасы атап өтілді. Бұл ретте, тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге барлық мүмкіндіктердің бар екенін атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік көлемін одан әрі арттыру мақсатында барлық деңгейдегі белсенді байланыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.

    Инвестициялық ынтымақтастық және өндірістік кооперацияны дамыту үшін айтарлықтай әлеует бар екені айтылды. Бүгінде Өзбекстанда Венгрия капиталының қатысуымен 16 біріккен кәсіпорын құрылды.

    Венгрияның «Bonafarm», «KITE», «Meditop», «Gedeon Richter», «MOL Group» сияқты жетекші венгр компанияларымен энергетика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, медициналық құрал-жабдықтар және пластмасса өнімдерін шығару өнеркәсібінде инвестициялық жобалары қалыптастырылуда. Тараптар Венгрия Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Өзбекстанда Венгрия компаниялары үшін бөлек өнеркәсіп аумағын құру шараларын қарастыруға келісті.

    Диалог барысында екі елдің астаналары арасында аптасына төрт рейсті қою мүмкіндіктері де қарастырылды.

    Vengriya OTP банкінің Өзбекстан базарына нәтижелі кіріп келуі жоғары бағаланды. Сондай-ақ, Банк Өзбекстанда жаңа компанияларды тарту және біріккен жобаларды қаржыландыру арқылы өз қызметін кеңейтуге мүдделі екені атап өтілді.

    Кездесу қорытындылары бойынша тараптар көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара адалдылығын білдірді және осы жылдың бірінші жартысында Будапешт қаласында Экономикалық ынтымақтастық бойынша Өзбекстан-Венгрия Үкіметаралық комиссиясының 8-жиналысын және бизнес-форумды өткізуге келісіп алды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates