Кездесу барысында Өзбекстан мен Венгрия арасындағы қарым-қатынастар соңғы жылдары жаңа деңгейге көтеріліп, екі ел арасында стратегиялық серіктестік пен сенімге негізделген тиімді ынтымақтастықтың дамып келе жатқаны айтылды.
Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту, ауыл шаруашылығы, автомобиль жасау, құрылыс, ғылым, білім, инновациялар және туризм салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.
Көлік және логистикалық жүйені дамытуға, ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға, инвестициялық ынтымақтастық пен өзара тауар айырбастау көлемін арттыру мәселеріне ерекше назар аударылды.
Туризм саласындағы ынтымақтастықтың болашағы да талқыланды. Атап айтқанда, екі ел арасында тікелей әуе қатынауын жолға қою мүмкіндіктері қарастырылды.
Тараптар ғылыми мекемелер арасындағы серіктестікті дамыту, профессор-оқытушылар мен жас ғалымдар арасында тәжірибе алмасу бойынша бастамаларды қолдап-қуаттаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесуде парламентаралық байланыстарды нығайту маңызды бағыт ретінде айтылды. Заң шығарушы органдар арасындағы тұрақты диалог және делегациялар алмасуы елдер арасындағы өзара сенімді нығайтуға және екіжақты қарым-қатынастардың тұрақты дамуына қызмет ететіні айтылды.
Тараптар заң шығармашылығы саласында тәжірибе алмасуға, бірлескен жобаларға қатысуға және парламентаралық диалогты мазмұн жағынан байытуға мүдделі екендіктерін білдірді.
Кездесу соңында Өзбекстан мен Венгрия парламенттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында парламентаралық достық топтарының қызметін жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.








