Өзбекстан мен Венгрия арасында кеңейтілген стратегиялық серіктестік байланысы орнатылды

    Будапешт қаласында өткен келіссөздердің қорытындысында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан Кеңейтілген стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

    Сондай-ақ, Мемлекет басшыларының қатысуымен бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар қабылданды. Атап айтқанда, Экстрадиция туралы шарт, Климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, табиғи апаттарды басқару, ғылым мен инновация, бейбіт атом энергетикасы салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдермен алмасу рәсімі өтті.