Шараны Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Хужаев пен елімізге ресми сапармен келген Вьетнам Ұлттық мәжілісінің төрағасы Чан Тхань Ман кіріспе сөзбен ашты.
Дөңгелек үстел сұхбатта сөз алған Туризм комитеті төрағасының бірінші орынбасары Жамшид Абдусаломов екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталып, туризм екі елдің экономикасында маңызды рөл атқаратынын және экономиканың дамуына ғана емес, халықтар арасындағы мәдени алмасуға да ықпал ететінін атап өтті.
Сондай-ақ Өзбекстан мен Вьетнамда өтетін халықаралық туристік көрмелерге қатысу арқылы екі елдің туристік әлеуетін бірлесе насихаттау және визалық тәртіпті жеңілдету мәселелері қарастырылды.
Дөңгелек үстел соңында В2В формаындағы кездесулері ұйымдастырылды. Онда Туризм комитеті төрағасының бірінші орынбасары Жамшид Абдусаломов Вьетнамның Мәдениет, спорт және туризм министрінің орынбасары Фан Таммен, сондай-ақ Вьетнамның Sovico Group және Vietnam Airlines Corporation компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргізді. Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады.