Өзбекстан мен Қытай ғалымдары Арал теңізінің түбін бірлесіп зерттеуге кірісті

    Арал теңізінің құрғаған түбінің экологиясы мен айналасы бойынша кешенді ғылыми экспедицияның ашылу салтанаты өтті.

    Бұл экспедицияны Орталық Азия қоршаған орта және климаттың өзгеруі университетінде («Green University») Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі, Шыңжаң экология және география институты Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясымен бірлесіп ұйымдастырды.

    Шарада Аралбойында экологиялық дағдарыстың келеңсіз салдарын түсіну және оны жоюда экспедицияның рөлі зор екені айтылды.

    Айта кетерлігі, аталған экспедиция аясында экожүйесінің, топырақтың, сондай-ақ аймақтың биоалуантүрлілігі жағдайындағы өзгерістерді зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

    Сондай-ақ экспедиция барысында бірқатар ғылыми мақсаттар – микроорганизмдердің биологиялық әртүрлілігін, топырақ құрамын, пайдалы қазбалар кен орындарын зерттеу жоспарланғаны айтылды. Өйткені қазір Арал теңізінің түбінен жиналған тұздың тек жақын аймақтарға ғана емес, тіпті Қытайға, Батысқа және басқа да алыс аймақтарға таралып жатқаны байқалады.

    Шара барысында ұйымдастырушыларға, соның ішінде Өзбекстан Ғылым академиясының Ботаника институты мен Шыңжаң экология және география институтының өкілдеріне экспедицияның ресми басталғанын білдіретін байрақ табыс етілді.

    Іс-шара топ мүшелеріне бейресми келіссөздер жүргізуге және болашақ экспедиция бойынша бірлескен күш-жігердің негізін салуға мүмкіндік беретін сессиямен аяқталды, деп хабарлайды Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates