Өзбекстан мен Қытай арасында экология және жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастық нығаяды

    Ағымдағы жылдың 16 апрелінде Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов пен Қытай Халық Республикасының Өзбекстандағы кәсіпкерлер ұйымының төрағасы Лю Ю басшылығындағы кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерінен құралған делегацияның кездесуі өтті.

    Кездесуде А.Абдухакимов Өзбекстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастар жан-жақты жаңа басқышқа көтеріліп келе жатқанын атап өтті.

    А.Абдухакимов Өзбекстан экологиялық таза «жасыл» технологияларды үйрену және енгізу, осы салаға Қытайдан инвестицияларды тарту, қатты тұрмыстық қалдықтар, электронды қалдықтармен (e-waste) шұғылдану «waste-to-energy» қағидаттары бойынша қалдық газдан энергия өндіруде мүдделі екенін айтты.

    Кездесу аясында қатысушылар Экология министрлігі, санитарлық тазалау істерін ұйымдастырудың республикалық орталығы және министрлікке қарасты Диспетчерлік және онлайн мониторинг орталық басқармасының қызметімен жақыннан таныстырылды.

    Анықтама үшін: ҚХР тарапынан шараға интеграцияланған экологиялық шешімдерді ұсынатын «Sichuan Zhengsheng Environmental Technology Co., Ltd.» компаниясы, «ZISEN», қоршаған ортаны және технологиялық компаниясы, қоршаған ортаны құорғау үшін машина және қондырғыларды өндіретін «Chengdu Kaiya Mei Environmental Protection Machinery Manufacturing» компаниясы, «Henan Lianfagaosheng Environmental Technology Co., Ltd.» қоршаған ортаны және технологиялар компаниясы, «Sichuan Zhonglong Environmental Protection Co., Ltd» Сичуан қоршаған ортаны қорғау компаниясы, “Қытай көпірлері мен мосттар” корпорациясы, ақылды қаланы жарықтандыру және ғимараттарды ландшафттық жарықтандыру үшін кешенді шешімдерге бағытталған «Sichuan Etherbas Technology Development Co. , Ltd.» компаниялардың өкілдері қатысты.

    Өз кезегінде, қытайлық кәсіпкерлер Өзбекстанмен ынтымақтастық жасау, сонымен қатар жобаларды жүзеге асыру, кәріз суларды тазалау қондырғыларды өндіру, шуды азайтуды қажет ететін инженерлік құрылыстарды жөндеу, теміржол көлігі, энергетика, өнеркәсіп, мұнай-газ және басқа да салалардағы ынтымақтастық бойынша өз жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Экология, қоршаған ортаны қорғау және климат министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates