Кездесуде Өзбекстан мен Қытай арасындағы көпжақты ынтымақтастық байланыстары, сондай-ақ парламентаралық және үкіметаралық стратегиялық диалог жүйесі жолға қойылғаны айтылды.

Сонымен қатар, кездесуде болашақта да экономика, инвестиция, білім, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар өңіраралық байланыстардың кеңеюіне тоқталып, екі елдің жергілікті өкілдік органдары арасындағы қарым-қатынасты нығайту саласындағы жұмыстарға назар аударды.

Талқылау соңында парламентаралық диалогты одан әрі жандандыруға келісіп алды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.