Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев құттықтау сөзінде ежелден Жапония мен Өзбекстан халықтары мен мәдениеттерін байланыстырған Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.  Жүзеге асырылып жатқан жоба Жібек жолы бойында табылған бірегей мәдени қазыналарды сақтауға көмектесу, оларды қорғаудың тиімділігін арттыру, Өзбекстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосу және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың рәмізіне айналдыруға бағытталған.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына арналған осы жоба аясында Өзбекстанда жапон технологиялары мен мәдени мұра нысандарын, сондай-ақ предметтерді сақтау бойынша тәжірибесін енгізу жоспарлануда.

Атап айтқанда, Туризм және мәдени мұра министрлігіне қарасты Мәдени мұра агенттігіне, Өзбекстанның Мемлекеттік тарих мұражайына және Термиз археологиялық мұражайына коллекциялар мен экспонаттарды сақтауға арналған құрал-жабдықтар, сонымен қатар цифрлық мұрағаттауға қажетті құрал-жабдықтар, соның ішінде 3D сканерлері, 360 дәрежеде суретке алатын камералар мен тағы басқа жиһаздар тапсырылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.