Өзбекстан Wildberries компаниясымен ынтымақтастықты орнатады

    Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі мен ТМД-дағы ең ірі онлайн платформалардың бірі — Wildberries арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

    Құжатта Wildberries платформасы арқылы жергілікті кәсіпкерлікті дамыту және жергілікті өндірушілер өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру, әйелдер кәсіпкерлігін қолдап-қуаттау, кәсіпкерлерге семинарлар мен тренингтер өткізу, электронды сауданы дамытудағы кедергілерді жою сияқты ынтымақтастық бағыттары белгіленді.

    Шарада атап өтілгендей, меморандумға қол қою тараптардың Өзбекстанда онлайн-бизнес үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау, өндірушілер мен экспорттаушылардың өз өнімдерін халықаралық базарларға онлайын түрде насихаттау мүмкіндіктерін кеңейтуде адалдығын білдіреді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Wildberries&Russ (RVB ЖШҚ) базардың екі жетекшісі - Wildberries IT компаниясы мен Russ сыртқы жарнама операторының бірлесуі нәтижесінде заманалық цифрлық сауда платформасын бірлесіп құру және шағын және орта бизнесті дамыту құралдарын ұсыну мақсатында құрылған. Қазіргі уақытта компания Ресейде, Арменияда, Беларусьте, Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда, сонымен қатар Қытайда жұмыс істейді – осы елдерден тауарлар импортталады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates