Қаулыға сәйкес, 2022 жылдың 1 июнінен бастап Ресей Федерациясының, Түркияның және Қазақстанның тиісті аймақтарында (12) Жұмысбастылық және еңбек қатынастары министрлігі жанындағы Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің өкілдік институты енгізіледі .
Аталмыш аумақтардың әрқайсысында кемінде 2 өкіл біріктіріледі.
2022 жылың 1 май айынан бастап жыл сайын әкім көмекшілерінің жазбаша ұсынысы негізінде: асыраушылары шетелге еңбек миграциясына шығып кеткен және «Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай реестрі» ақпараттық жүйесінде тіркелген отбасыларға ең төменгі жалақының 2 еселенген мөлшерінде (540 мың сум) біржолғы материалдық көмек көрсетіледі;
еңбек миграциясына шығып кеткен азаматтардың «Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай реестрі» ақпараттық жүйесінде тіркелген немесе «Темір дәптер», «Әйелдер дәптері» және «Жастар дәптері» (дәптерлердің) біріне енгізілген, мүгедектері болған отбасы мүшелеріне арналған дәрі-дәрмек, мүгедектік арбасы, есту аппараттары және ортопедиялық бұйымдарды сатып алуға БЕМ-нің 5 еселенген біржолғы материалдық көмек (1 миллион 350 мың сум) көрсетіледі;
еңбек миграциясына шығып кеткен азаматтардың Өзбекстанда олармен бірге жасайтын зейнет жасына жеткен немесе I немесе II топтағы мүгедегі бар отбасы мүшелеріне кәсіподақ ұйымдары жүйесіндегі санаторийлерге және профилактикалық емдеу мекемелеріне біржолғы тегін жолдамалармен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, махалладағы жастар жетекшілерінің жазбаша ұсыныстары негізінде «Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай реестрі» ақпараттық жүйесінде тіркелген немесе «дәптерлердің» біріне енгізілген және еңбек миграциясына шығып кеткен азаматтардың балаларына маусымдық қызмет көрсететін лагерлерге тегін жолдамалар беріледі.
Өзбекстан Кәсіподақ ұйымы федерациясының қаражаты есебінен еңбек миграциясына шығып кеткен азаматтардың отбасы мүшелеріне көмек көрсету және жолдамалар беру кезінде:
жәрдемақылар мен жолдамалар еңбек миграциясына шығып кеткен азаматтар “Labor migration” бағдарламалық кешенінде тіркелген жағдайда беріледі;
өтініш берушілер Жұмысбастылық және еңбек қатынастары министрлігіне “Labor migration” бағдарламалық кешені арқылы электронды түрде өтініш береді.
Қаулыға сәйкес, шетелде уақытша жұмыс істеп жүрген және білім алып жатқан өзбекстандық жастарды қолдап-қуаттау мақсатында «Шетелдегі жастар балансы» қалыптастырылып, олар туралы ақпарат «Жастар порталы» электронды платформасына енгізіледі.
2022 жылдың 1 мартынан бастап «дәптерлердің» біріне енген және ұйымдастырылған еңбек миграциясы жолымен уақытша жұмысқа шетелге шығып кеткен азаматтарға да 10 миллион сумға дейін бір жыл мерзімге микронесиелер беріледі.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 1 январьға дейін төмендегілер бойынша компенсациялар төленеді:
шет тілдер немесе кәсіптер бойынша біліктілік емтихандарын тапсыруға байланысты шығындарды өтеу үшін, егер олар сәтті тапсырылған болса – БЕМ-нің 3 еселенген мөлшерде (810 мың сум);
жол жүру билетін сатып алу үшін – БЕМ-нің 2 еселенген мөлшерде (540 мың сум);
«жұмыс визасын» ресімдеу бойынша – БЕМ-нің 5 еселенген мөлшерінде (1 миллион 350 мың сум).