2024 жылғы 21 ноябрь күні «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ, «Әндіжан механикалық зауыты» АҚ және «Алмалық тау-кен металлургия комбинаты» АҚ ынтымақтастығында «Өндіріс үшбұрышы» өндірістік жәрмеңке аясында жалпы құны 501,76 миллиард сумдық жобаны жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойды.
Бұл жоба аясында 6 оқты, 115 тонналық жүк көтеретін думпкар-самосвал вагондарын жобалау, өндіру және 2025 жылы жеткізіп беруді көздейді.
Жоба “Алмалық тау-кен металлургия комбинаты” мен “Алмалық қою механикалық зауытымен” бірлесіп жергіліктендіріледі. Бұл бағыттағы алғашқы вагонды Өзбекстан тәуелсіздігінің 34 жылдығына орай 2025 жылдың август айында жөнелтіледі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, Навоийуран» МК тапсырысы бойынша 2025 жыл барысында 45 дана 15-9724 және 15-9724-04 үлгідегі вагон-цистерна шығарылып, құны 59 миллиард сумның өнімі жеткізілді. Қазіргі таңда оның 10-ы пайдалануға берілген.
Жергілікті өнімдер де экспортқа шығарылуда. Атап айтқанда, Түркіменстанның «Ege Logistika» компаниясымен жасалған келісімшарт бойынша жалпы құны 4,452 миллион доллар болатын 56 дана мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған 15-9721 вагон-цистерна жеткізілуде. Бүгінде бұл компанияға 6 дана вагон (477 мың доллар) жөнелтілді. Сондай-ақ, түрікменстандық кәсіпкер Б. Поллиевке де осы мөлшерде экспорт жүзеге асырылды.
Қазақстанның Kazsink Temir Trans компаниясы үшін Өзбекстан аумағында қайта өңделген, алтын күкірт қышқылын тасымалдайтын 10 дана вагон -цистерна экспортталуда. Келісімшарт құны 301 мың АҚШ долларына тең.









