Басылымдарда жазылуынша, Конституциялық реформалар 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясында белгіленген әділетті және шынайы халықсүйгіш мемлекетті құруда маңызды орынға ие болған міндеттерді өмірге енгізуде берік іргетас болуына қызмет етеді.
Қытайдың БАҚ жариялаған материалдарда Конституцияны Өзбекстан қоғамының заманалық оқиғалармен үйлестіру, елді ашық та жедел дамыпжатқан мемлекетке айналдырған Президент Шавкат Мирзияевтың басшылығында жүзеге асырылып жатқан дәйекті реформалардың мән-мазмұны Өзбекстан үшін үстем міндет екенін айтылды.
Мақалаларда «Адам – қоғам – мемлекет» қағидаты негізінде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың басты бағыттары терең талданған. «Өзбекстан – әлеуметтік мемлекет» идеясы көрінісін тапқан әлеуметтік саланы дамыту және толық қолдау, мемлекеттің осы реттегі жауапкершілігін маңызды міндет етіп белгіленгені айтылған.
«Реформалар үдерісінің маңызды бағыты еркін де әділетті азаматтық қоғамды дамытумен байланысты. Ұйымдастыру тұрғысынан бұл өзбек халқына ізгі ұлттық дәстүрлер, руханиятты сақтау, жас ұрпақты ғасырлар бойы достық пен жақсы көршілік, адамгершілік және бауырмалдық тәрбиелеу мүмкіндігін беретін махалла институтын нығайтуға негізделеді», деп жазады Қытай журналдары. Бұл туралы «Дунё» АА хабарлайды.