Өзбекстанда әйелдерді қолдап-қуаттауға бағытталған реформалар мойындалды

    2024 жылғы 5 июньде Әзербайжан Республикасының Баку қаласында «Әйелдер – ТуркПА-ға мүше мемлекеттер экономикасының негізі, кәсіпкерліктің қозғаушы күші» тақырыбында Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы Парламент әйел мүшелері тобының үшінші жиналысы өтті.

    Оған Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия, Солтүстік Кипр республикаларының парламент әйел мүшелері қатысты. Жиналыста түркі елдері әйел-қыздардың мемлекет экономикасындағы қатысуын кеңейту істері туралы айтылды.

    Өз кезегінде, Өзбекстан делегациясы құрамында қатысқан Олий Мажлис Сенатының мүшесі Гүлнара Маруфова елімізде Президент Шавкат Мирзияевтың басшылығымен әйел-қыздарды жан-жақты қолдауға бағытталған ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

    Мәселен, соңғы 5 жылда елімізде іскер әйелдер саны екі есеге өсті, өз ісін ашқан іскер әйелдер саны 200 мыңнан асты, экономика мен өнеркәсіп салаларындағы әйелдердің үлесі 46 пайызды құрағаны, кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндерге мемлекет тарапынан белсенді түрде қолдау көрсетіліп жатқаны айтылды.

    Сондай-ақ, елімізде әйелдердің құқықтары мен еркіндіктерін кеңейтуге бағытталған заңнамалық реформалары, атап айтқанда, саяси партиялардан депутаттыққа ұсынатын әйел кандидаттардың ең аз санын депутаттардың жалпы санының 30 пайыздан 40 пайызға өскені туралы өзгерістер мойындалды.

    Жиналыс соңында Түркі мемлекеттері Парламент Ассамблеясы Парламентінің әйел депутаттары тобының қаулысы мен ұсыныстары қабылданды. Сондай-ақ топтың келесі жиналысы 2025 жылы Қазақстанда өткізу туралы келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates