Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеттің мәліметіне сәйкес, 11 наурыздан 31 мамырға дейін Әмудария мен Сырдарияда, 26 сәуірден 10 маусымға дейін Қарақалпақстан Республикасында және Хорезм облысындағы табиғи су айдындарында балық аулауға тыйым салынады. Сондай-ақ басқа барлық табиғи су айдындарында 16 сәуірден 31 мамырға дейін балық аулауға болмайды.
Бұл тәртіп Өзбекстан Республикасының 2020 жылғы 8 шілдедегі «Аң аулау және аңшылық шаруашылығы туралы» 627-санды Заңы және Министрлер Кабинетінің 2024 жылғы 9 ақпандағы 80-санды қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда.
Айтар болсақ, бұл кезең балықтардың көбею маусымы болып есептеледі. Егер осы уақытта балық аулау жүргізілсе, олардың саны күрт азайып, кейбір түрлерінің жойылып кету қаупі туындайды.
Сонымен қатар бұл тыйым жасанды су айдындарында немесе ирригациялық желілерде интенсивті технологиялар негізінде балық өсіру, аквакультура қызметі және садок құрылғыларында балық өсіру мен аулау үдерістеріне қолданылмайды.
Еске салынғандай, тыйым салынған мерзім мен аумақтарда балық аулау әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.