Орташыршықтық Тухтасин Дехқонов 66 жаста. Ол көп жылдар бойы артериялық гипертония ауруымен, яғни қан қысымының жоғарылауымен ауырған. Алайда дер кезінде дәрігерлерге хабарласпауының, қажетті ем-домдарды алмаудың салдарынан ауру ауыр асқынуларға әкелді.
Содан соң Ресейдегі Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығында тәжірибе жинақтаған білікті кардиохирург, медицина ғылымдарының докторы Рустам Ярбеков басшылығындағы дәрігерлер науқасты дереу тексеруден өткізді.
Томография тексеруінде аортаның көтерілетін бөлігі жарылып, қабаттарға бөлініп, аортаның төмен түсетін кеуде бөлігінің ортасына дейін тромб пайда болғаны анықталды. Сонымен қатар, бұл жыртық ми артерияларына, ұйқы, қол және омырау асты артерияларына таралғаны, аортаның төмен түсетін бөліктеріне таралғаны байқалды.
Диагностикалық нәтижелерден кейін жағдайы ауыр екені белгілі болып, науқас дереу операциялық үстелге жатқызылды. 12 сағатқа созылған күрделі ота сәтті аяқталып, қария қатты ауырсынудан толық құтылды. Науқас қазір палатада жатыр, жағдайы жақсы.
Операцияның қиын болатынын алдын ала білдік, – деді Рустам Ярбеков. – Себебі, аортаның көтерілетін, түсетін бөлігі де, ми тамырларының протезі де көп уақытты алады. Сонымен қатар, бұл операцияның ерекшелігі науқастың денесін 16 градусқа дейін салқындатып, ағзадағы қан айналымы 112 минутқа тоқтатылды. Тек брахиоцефалиялық және ұйқы артериялары арқылы ми қанмен қамтамасыз етілді.
Айта кету керек, мұндай операцияларды өткізу үшін анестезиолог, реаниматолог, перфузиолог сияқты білікті медициналық қызметкерлермен бірқатарда соңғы ұрпақ жасанды қан айналымы аппараттарының, гипотермия және мидың қан айналымын және оттегімен қанықтыруын қамтамасыз ететін заманалық медициналық жабдықтар талап етіледі.
Сол себепті бұрын мұндай операциялар тек шетелде ғана жүргізілетін. Бір қуантарлығы, кардиохирургия саласына қаратылған жоғары назардың нәтижесінде бүгінде елімізде осындай бірегей операцияларды жасауға мүмкіндік туып отыр. Бұл біздің елімізде кардиохирургия саласының жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді.
Мүмкіндікті пайдаланып, біз де науқас Тухтасин Дехқановпен сұхбаттастық.
«Мен биылғы жылдың январында коронавирус жұқтырдым», - деді ол. – Оның үстіне қан қысымым көтеріліп, жүрегім ауырып, тез шаршаймын. Әсіресе соңғы кездері қатты арықтадым. Тексеруге барғанымда жүрегімд кеселдік бар деген нақтама қойды.
Сол кезде еліміздің көптеген ауруханаларына бардық. Алайда көбі бұл «ота күрделі болғандықтан, Германия мен Үндістанда ғана үлкен қаржыға жасалатынын» айтты. Кейін білдік қой, елімізде мұндай ота жасауға жағдай мен білікті дәрігерлер бар екенін. Мен қазір әлдеқайда жақсымын. Дәрігерлердің айтуынша, тез күнде ауруымнан айығып салауатты өмір салтына қайта оралады екенмін. Сондықтан оларға айтар алғысым шексіз.
Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз қызметі.