Шаруашылық жүргізуші субъектілердің банк шоттары бойынша операциялар саны 17,2 пайызға өсті. Тауар-шикізат биржасында шикізат сатып алу қарқыны 9,6 пайызға өскен. Жұмыс істеп тұрған шаруашылық субъектілерінің құрамдас бөлігі 2,8 пайызға төмендеді. Тауар таңбасының құрамдас бөлігі 21,8 пайызға өсті.
Кәсіпкерлік белсенділік индексі 13 аумақта өткен аймен салыстырғанда өсу байқалды. Атап айтқанда, Қарақалпақстан Республикасы (33,8 пайыз), Науаи (26,9 пайыз), Самарқант (18,2 пайыз), Хорезм (15,6 пайыз) облыстары және Ташкент қаласында (15,3 пайыз) айтарлықтай өсу байқалған. Алайда, Іскерлік белсенділік индексі Қашқадария облысында (1,8 пайыз) төмендеген.
14 аумақта заңды тұлғалар арасындағы банк операциялардың саны өткен аймен сатлыстырғанда артқан. Атап айтқанда, Ташкент қ. (19,1 пайыз), Қарақалпақстан Республикасы (16,3 пайыз), Жызақ (16 пайыз), Науаи және Сұрхандария (14,8 пайыз) облыстарында айтарлықтай өсім байқалды.
Республикалық тауар-шикiзат биржасында тауар саудасының жалпы айналым көлемі 2025 жылдың апрель айында 8 030,5 млрд. сумды құрап, осы көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 8,7 пайызға артқан.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылық субъектілері бойынша құрамдас бөлік 2025 жылғы апрель айында 0,9723 бірлікті құрап, бұл өткен аймен салыстырғанда 2,8 пайызға , сондай-ақ, осы көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4 пайызға төмендеген.
2025 жылғы апрель айында барлық түрдегі жұмыс істеп тұрған шаруашылық субъектілерінің саны өткен аймен салыстырғанда 4561 бірлікке (469 296 бірлікке) өсіп, 473 857 бірлікті құраған.
Ірі кәсіпкерлікпен шұғылданатын кәсіпорындар саны 627-ге қысқарды.
Есепті кезеңде, шағын кәсіпорындар саны 372 887-ден 377 833-ке дейін өсті ( өсу 4 946). Сондай-ақ фермер шшаруашылықтардың саны 91 725-тен 91 967-ге дейін (+242) өсті. Ірі кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілер саны 4057-ні құрады, 2025 жылдың март айымен салыстырғанда 627-ге азайған.
Сауда белгілері қорғалуы бойынша индексі 1,2183 бірлікті құрап, бұл көрсеткіш 2025 жылдың март айымен салыстырғанда 21,8 пайызға өсті. Заңды тұлғалармен 413 тауар белгілері мен тауар атаулары тіркелген.








