Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының мәліметтеріне орай, бұл көрсеткіш соңғы екі жылда тіркелген ең жоғары деңгей деп танылды.
Ең тұрақты іскерлік белсенділіктің өсімі қызмет көрсету және өнеркәсіп салаларында байқалды. Ауыл шаруашылығы мен құрылыста да жандану бар. Бұл көрсеткіштер бизнес ортасының тұрақты трансформациясын көрсетуде.
Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығы ағымдағы жылдың июнь айындағы республика бойынша кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнамалар негізінде бизнес ортаны талдау нәтижелерін жариялады. Талдау нәтижелері негізінде бизнестің орта индексі қалыптастырылды, ол бизнестің қазіргі жағдайы мен жақын болашақтағы даму бағалауын көрсетеді.
Іскерлік ортаның индексі
Июнь айында іскерлік орта индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пунктке көтеріліп, 63 пунктке жетті. Бұл ұзақ мерзімді болашақта бизнес сенімінің нығаюын көрсетеді. Сондай-ақ өткен аймен салыстырғанда 2 пунктке өсті, бұл биылғы жыл басынан бергі ең жоғары көрсеткіш саналады.
Өзбекстандағы бизнеск ортаның динамикасы
Июнь айында бизнес орта индексінің ағымдағы жағдайы 47 пунктті құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пунктке өскенін көрсетеді.
Бизнестің үстіміздегі жағдайларының индексі кәсіпкерлердің елдегі нақты жағдай мен бизнес жүргізу жағдайлары туралы түсініктерін көрсетеді. Ол сауда көлемі, жұмыспен қамту, сұраныс, ресурстардың қолжетімділігі және операциялық ортаның тұрақтылығы сияқты факторларды ескереді.
Бұл ретте, бизнестің алдағы күту индексі 6 пунктке өсіп, 80 пунктті құрады. Бұл кәсіпкерлердің тұрақтылыққа деген сенімін көрсетеді.
Нәтижелерге сәйкес, кәсіпкерлердің 38%-ы соңғы үш айда бизнес жағдайының жақсарғанын мәлімдеген, 38%-ы сұраныстың артқанын айтқан, 24%-ы жұмысшылар санының артқанын хабарлады. Бұл ретте сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 71%-ы болашақта сұраныстың, 59%-ы жұмысшылар санының, 21%-ы бағаның өсуін күтуде.
Секторлық талдау
2025 жылдың июнь айында өнеркәсіптегі бизнес ортаның индексі оң динамика көрсетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пунктке жақсарып, 59 пунктті құрады. Бұл ретте, болашақтағы күту индексі 73 пункіттен 83 пунктке көтерілді. Ағымдағы жағдай индексі 37 пункт дәрежесінде өзгеріссіз қалды.
Сауалнамаға сәйкес, өнеркәсіптік кәсіпкерлердің 38%-ы соңғы үш айда бизнесінің жақсарғанын хабарлады (2024 жылғы июнь айында бқл көрсеткіш 32%-ды құраған еді). Сондай-ақ кәсіпорындардың 79%-ы болашақта бизнес жағдайларының одан әрі жақсаруын күтеді, бұл өткен жылғы 71%-дан жоғары көрсеткіш.
Ауыл шаруашылығындағы бизнес ортасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 пунктке жақсарып, 59 пункітті құрады. Бұл ретте ағымдағы жағдай индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пунктке (35 пункіттен 41 пункітке дейін) артқан, болашақтағы күту индексі 3 пункітке (80 пункіттен 83 пункітке дейін) өсті.
Нәтижеге сәйкес, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің 49 пайызы өз қызметінің қазіргі жағдайын «қанағаттанарлық» деп бағалады. Сонымен қатар, 22% соңғы үш айда жұмысшылар саны артқанын, ал 79% болашақта бизнес жағдайының одан әрі жақсаратынын атап өтті.
Қызмет көрсету саласындағы бизнес ортаның индексі өткен жылмен салыстырғанда 17 пункітке жақсарып, 68 пунктті құрады. Болашақ күту индексі 11 пунктке (68 пункттен 79 пунктке дейін) өседі, ағымдағы жағдай индексі 22 пунктке (34 пункттен 57 пунктке дейін) өсті.
Қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлердің 47%-ы ағымдағы жағдайды «жақсы» деп бағалады, 39%-ы соңғы үш айда бизнес жағдайының жақсарғанын атап өтті, ал 71%-ы болашақта сұраныстың артатынын күтуде.
Құрылыс секторындағы іскерлік орта индексі өткен жылмен салыстырғанда 4 пунктке өсіп, 61 пунктке жетті. Ағымдағы жағдай индексі 15 пунктке өсіп, 49 пунктке жетті. Бұл ретте, болашақтағы күту индексі 9 пцнктке төмендеп, 73 пунктті құрады.
Сонымен қатар құрылыс соңғы үш айда бизнес жағдайы «жақсарған» деп 36%-респондент тіркелген, алдағы бизнес жағдай өзгермейтінін күткендер 21%-ы құраған. Құрылыс индустриясы қазіргі өзгерістерге бейімделіп, тұрақтылық танытуда.
Жалпы алғанда Өзбекстандағы бизнес-ортаның оң динамикасын көрсетуде, көптеген секторларда іскерлік белсенділік тұрақты өсуде. Сондай-ақ ең үлкен оптимизм өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында байқалады, ал қызмет көрсету саласында қалыпты өсу қарқынын сақтап отыр.
Өзбекстанның іскерлік орта индексін Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығы өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы 1000-нан астам кәсіпорында жүргізген сауалнамалар негізінде есептейді. Бизнес ортасының өзгеру индекаторы IFO институтының (Германия) әдістемесіне негізделген. Сауалнамалар барысында кәсіпорын басшылары өндіріс динамикасы, сұраныс, баға және басқа да көрсеткіштер негізінде кәсіпкерлік қызметіндегі ағымдағы және күтілетін өзгерістерді бағалайды.








