баннер
30 Mar 2025
01:43

    Өзбекстанда соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 18,5 пайызға артты

    2024 жылы республикада жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 444,6 триллион сумға жетіп, 5 жылда 18,5 пайызға өсті. Соңғы 5 жылда жалпы өнімнің орташа жылдық өсу қарқыны 103,5 пайызды құрады.

    Бұл туралы Министрлер Кабинеті құзырындағы Макроэкономикалық және аумақтық зерттеулер институты мамандарының соңғы 5 жылдағы ауыл шаруашылығының дамуы туралы талдауында келтірілген.

    Өзбекстанның ауыл шаруашылығы саласы аймақта жетекші орынды иелеп келуде: жалпы өнім көлемі Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстанның көрсеткіштерінен жоғары , бұл оның ауқымы мен стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.

    Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Өзбекстанда ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға шаққандағы қосымша құн әлемдегі орташа деңгейден 4,4 есе жоғары, бұл ауыл шаруашылығы саласының тиімділігі мен оның өнімділігі артып келе жатқанын көрсетеді.

    Ел тұрғындарының белсенді өсуіне қарамай, тұрғындарды жан басына шаққандағы ауыл шаруашылығы негізгі түрдегі азық-түлік өнімдерін өндіру тұрақты өсуде:

    Дәнді дақылдар – 238,2 кг (5 жылда +7,6 пайыз)

    Картоп – 100,0 кг (+8,7 пайыз)

    Көкөністер – 322,7 кг (+6,1 пайыз)

    Жеміс- жидектер - 88,0 кг (+7,4 пайыз)

    Жүзім - 49,1 кг (+2,9 пайыз)

    Қауын-қарбыздар – 72,2 кг (+17,2 пайыз)

    Ет – 79,2 кг (+7,5 пайыз)

    Сүт - 334,8 кг (+4,9 пайыз)

    Жұмыртқа – 236,9 дана (+2,4 пайыз).

    Бұл көрсеткіштердің өсуі саланың қарқынды дамуын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қол жеткізілген нәтижеліліктен дерек береді.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech