Келісімге сәйкес, Бұхара, Қашқадария және Хорезм облыстарында Малайзияның ірі компанияларының бірі – “Maркет Бой” компаниясымен бірлесе отырып, креветка өсіру жобасы жүзеге асырылады. Бұл жоба Малайзияның озық технологияларына негізделген және республикамыздағы аква мәдениеттің дамуына қызмет етеді.
Айта кету керек, бұл креветкалар Малайзияның халықаралық деңгейдегі халал сертификатымен қамтамасыз етіледі. Бұл ішкі және сыртқы базарларға шығу мүмкіндігін арттырады. Халал азық-түлік өнімдеріне деген жоғары сұранысты ескере отырып, бұл жоба Өзбекстанның экспорттық әлеуетін де кеңейте алады.