Өзбекстанда Орталық Азиядағы инновациялық вакциналар орталығының жобасы іске қосылады

    Өнеркәсіп 27 Oktabr 2022 952

    Ағымдағы жылдың 26 октябрінде Инновациялық даму министрлігі, Фармацевтикалық желіні дамыту агенттігі мен Қытайдың “LuYe Luye Life Sciences Group” компаниясы арасында онлайн кездесу өтті.

    Онда инновациялық даму министрі Ибрагим Абдурахманов, агенттік басшысы Сардор Кариев пен компания басшысы Лю Дионбо Өзбекстанда Орталық Азия инновациялық вакцина орталығының жобасын іске қосу мәселелерін талқылады.

    Тараптар жобаны жүзеге асыру бойынша қажетті нормативтік-базаның, инфрақұрылымның және әкімшілік саланың егжей-тегжейлерін талқылап, жақын арада жобаның техникалық-экономикалық негізін жасауға келісті. Кездесу нәтижесінде жобаны жүзеге асыру бойынша жұмысшы топты құруға келісілді.

    Естеріңізге сала кетейік, «Инновациялық вакциналар орталығын» құру бойынша Меморандумға үстіміздегі жылдың 13 сентябрінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері басшыларының саммиті аясында Инновациялық даму министрі Ибрагим Абдурахманов пен «Luye Investment Group Co., Ltd» компаниясының басшысы арасында қол қойылды, деп хабарлайды Инновациялық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates