Свальбард жаһандық тұқым қоймасына Өзбекстан егін дақылдары қосылды

    Өзбекстанның көне және жергілікті дақылдардың тұқым үлгілері Норвегияда орналасқан әлемдегі ең үлкен және ең қауіпсіз тұқым сақтау қоймасы —Свалбард Бүкіл әлемдік Тұқым сақтау Генбанкіне (Svalbard Global Seed Vault) жіберілді.

    Бұл маңызды бастама Ауыл шаруашылығы министрлігі, Өсімдіктердің генетикалық ресурстарын ғылыми-зерттеу институты, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) және Nordic Genetic Resource Center (NordGen) арасындағы тиімді халықаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды.

    Бұл үдеріс Өзбекстанның ауылшаруашылық дақылдарының генетикалық әртүрлілігін сақтау, ұлттық генофондты нығайту және халықаралық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі маңызды кезең болды.

    Свалбардтағы қоймасына тапсырылған тұқымдар өзбек диқаншылық мәдениетінің баға жетпес мұрасы – ежелгі сұрыптар мен жергілікті экотиптердің генетикалық үлгілері болып табылады.

    Коллекцияда қауынның, қарбыздың, қызанақтың, бұрыштың, баклажанның, сәбіздің, пияздың және бидайдың 20-дан астам жергілікті сұрыптары бар. Әсіресе,бидайдың жергілікті «Қайроқтош» сұрыпының маңызы ерекше.

    Өсімдіктердің генетикалық ресурстары ғылыми-зерттеу институтының өкілдерінің айтуынша, бұл бастама Өзбекстанның өсімдіктер әртүрлілігін сақтау, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосу және болашақ ұрпақ үшін генетикалық ресурстарды сақтаудағы берік ұстанымын көрсетті.

    Ақпарат үшін: Свалбард Бүкіл әлемдік тұқым қоймасы Арктика мұзының тереңінде орналасқан және -18°C температурада тұрақты жұмыс істейтін жаһандық гендікбанк саналады.

    Қазір мұнда 1,1 миллионнан астам тұқым үлгілері сақталуда. Осы мекеме бүкіл әлем бойынша гендік банктерде бар тұқымдардың қорда көшірмелерін ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз етеді.

    Мұндай жүйе табиғи апаттар, соғыстар, қаржылық дағдарыстар немесе техникалық ақаулар салдарынан өсімдік түрлерінің жойылу қаупін азайтады және бүкіл әлемді тұрақты азық-түлікпен қамтамасыз етуге кепілдік береді.

    Свалбард Бүкіләлемдәк тұқым қоймасы Норвегия үкіметі, Crop Trust ұйымы және Nordic Genetic Resource Center (NordGen) арасындағы үш жақты келісім бойынша басқарылады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates