Өзбекстанда Халықаралық ауылшаруашылық университетін құру мәселесі Ұлыбританияда талқыланды

    Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ұлыбританияның Корольдік аграрлық университеті жаңадан құрылатын Халықаралық ауылшаруашылық университетінің оқу бағдарламаларын талқылады.

    Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Ұлыбританиядағы ең көне ауылшаруашылық университеті Уэльс ханзадасы Корольдігі демеушілігіндегі Royal Agricultural University (RAU, www.rau.ac.uk) болды. Өзбекстан аграрлық басқармасы өкілдерінің іссапарының мақсаты Өзбекстанда Халықаралық ауылшаруашылық университетін құрудағы ынтымақтастықты нығайту, оқу бағдарламаларын даярлау және басқа да мәселелерді талқылау болды.

    Делегацияны Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті ректорының кеңесшісі болып тағайындалған профессор Мунира Аминова бастап барды.

    Профессор М. Аминова Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандарымен бірге РАУ басшылығы, сондай-ақ, проректор орынбасары, профессор Нил Равенскрофтпен, РАУ ауыл шаруашылығы мектебінің басшысы Филипп Хадсон және РАУ зерттеу директоры, профессор Марк Хортонмен кездесті, деп хабарлайды Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі.

    «Біз Өзбекстан командасын Sayrensesterda қарсы алғанымызға қуаныштымыз», - дейді профессор Равенскрофт. «Биылғы болып өткен талқылауларымыздың нәтижелеріне қарағанда, олар Өзбекстанда жаңа Халықаралық ауылшаруашылық университетін құрудағы ынтымақтастық талаптарына жауап бере алуымызға көз жеткізе алғандықтан біздің университетке келді. РАУ-ның тарихына көз жүгіртсек, ол барлық кезеңдерде бүкіләлем бойлап ауыл шаруашылығы мамандарымен ынтымақтастық орнатуға ұмтылып, білімдер халықаралық форматта болса да, ділгір болып қалуына және жергілікті дәрежеде қолданылуына, студенттердің әлем деңгейінде білім алуын қамтамасыз етуге әрекет жасады.

    Профессор Нил Равенскрофттың айтуынша, РАУ-дың Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен дамып келе жатқан байланыстары осы дәстүрлі жанасуды жалғастырып, жаңа Халықаралық ауылшаруашылық университетінде студенттердің осы ынтымақтастықтан ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететінін атап өтті.

    Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің командасы университеттің студенттерімен, оқытушыларымен және басқа да ұжымдарымен кездесіп, студенттер қалашығында және университеттің шаруашылығының «Ферм-491» агротехнологиялық инкубаторында болып, инфрақұрылыммен танысты.Сонымен қатар делегацияға жаңа вертуалды оқыту ортасымен (Виртуал Леарнинг Энвиронмент) және РАУ студенттері серіктес университеттермен мәселен, Қытайда оқытуда нәтижелі қолданылған басқа да инновациялармен таныстырылды.

    Сонымен қатар Меморандумда университеттер ортасында оқытушылар мен студенттер алмасу, сонымен қатар фермерлер мен фермерлік шаруашылықтар кеңесшілерінің білімін жетілдіру және алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру, жобалар мен бағдарламалар даярлау, бірлескен ғылыми зерттеулер, халықаралық конференциялар өткізу және басқа да көптеген мәселелер қарастырылған.

    Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған Стратегиясының «Ауыл шаруашылығында ғылымды, білім беруді және ақпараттық қызмет көрсетуді дамыту» тармағы осы саладағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Ғылым мен білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған бұл жоба стратегияның басымдықтарын іс жүзінде жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates