Өзбекстанда Қытайдың Хидиан университетінің филиалы ашылуы мүмкін

    Хидиан университетімен Өзбекстанда АйТи білім беру орталығын құру туралы келісімге қол жеткізілді.

    Цифрлық технологиялар министрінің орынбасары Р. Каримжонов Қытайға іссапары аясында Хидиан университетінің басшылығымен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында Өзбекстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы серіктестік байланыстарды цифрландыру, білім беру және жаңа инновациялар арқылы одан әрі нығайтуда сондай-ақ өзара қаныстарды кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды.

    Университет тарапынан 2025 жылдан бастап Цифрлық білім беруді дамыту орталығымен бірлесіп өзбек жастары үшін цифрландыру саласына бағытталған білім беру бағдарламасын іске қосатыны белгілі болды.

    Сонымен қатар, Өзбекстанда университеттің филиалын ашу мәселесі де тиісті деңгейде талқыланып, мүмкіндіктер зерделеніп жатқанын мәлімдеді және университет тарапынан Өзбекстанда АйТи білім беру орталығын ашу туралы келісімге қол жеткізілді.

    Министрдің орынбасары цифрлық білім беруді дамыту және ҚХР-ның озық тәжірибесін Өзбекстанға енгізу үшін білікті маманды өзбек уинверситетіне тартуды ұсынды.

    Кездесу соңында университет Ташкент қаласындағы ИНХА университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Хидиан университеті 1931 жылы құрылған және Қытайдағы жетекші университеттердің бірі саналады. Университет электроника, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар салаларындағы өзінің мықты ғылыми базасымен танымал.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates