Өзбекстанда тағы 4 банк Валюта биржасына мүшелікке қабылданды

    Осы арқылы олар қаржы базарында бірқатар құқықтарға ие болды.

    Атап айтқанда, «Hayat Bank», «Yanyi Bank», «Smart Bank» және “APEX bank” акционерлік қоғамдары биржалық операцияларға белсенді қатысу және Өзбекстанның қаржы нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейту құқығына ие болды, деп жазуда УзРВБ-ның ресми арнасы.

    «Smart Bank» - C санаты, «APEX bank», «Hayat bank» және «Yangi bank» барлық - “A”, “В” va “С” санаттар бойынша УзРВБ мүшелігіне қабылданды.

    «А» санатты мүшелерге шетел валютасы базарында операцияларды, сонымен қатар валюталық фьючерстік келісімшарттармен операцияларды жүзеге асыруға және сауда-саттыққа қатысуға құқық береді.

    “В” санаты УзРВБ мүшелеріне мемлекеттік бағалы қағаздардың биржалық базарындағы сауда-саттыққа қатысуға және мәмілелерді жүзеге асыруға құқық береді.

    «С» санатындағы мүшелік- банкаралық ақша базары және Орталық банктің коммерциялық банктерімен несие және депозит аукциондарында операцияларды орындауға және саудаға қатысуға құқық береді.

    Ақпарат үшін, биржа саудаларының қатысушылар санын кеңейту, сондай-ақ қаржы базары субъектілерін қолдап-қуаттау мақсатында УзРВБ-на мүше болу үшін алымдар мен төлемдер өндірілмейді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates